Көпшілікке арналған осы оферта тұтынушыларға қызмет көрсетудің негізгі шарттарын қамтиды. Моншаның қызметтерін сатып ала отырып, тұтынушы осы көпшілікке арналған офертаның шарттарымен сөзсіз келіседі және қабылдайды. Осы офертамен келіспеген жағдайда тұтынушы қызметтерді алуды дереу тоқтатуға және монша кешенінен кетуге міндетті.
«Рахат» моншасы осы офертаға бірқатар өзгеріс енгізуге құқылы. Редакцияланған ережелер моншаның ресми сайтында жарияланады.
Осы Қағидаларды және қоғамдық тәртіпті сақтау ережелерін бұзғаны, Рахат моншасының қызметкерлеріне дөрекі қарым-қатынас жасағаны, монша мүлкіне зиян келтіргені, қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін монша қызметкерлері тәртіп бұзған адамды моншадан шығарып жіберуге құқылы. Сондай-ақ, тәртіп бұзған адамның ақшасы қайтарылмайды және келтірілген шығынды өтеу талап етіледі.
«Рахат» моншасының қызметкерлері есірткі, алькоголь, психотроптық препараттар қолданған мас және жүйкесі жұқарған, ашулы адамдарды моншаға кіргізбеуге құқылы.
Тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін полиция қызметкерлері тыйым салынған бұйымдардың бар-жоғын анықтау мақсатында қонақтарды және олардың жеке бас мүліктерін тексеруі мүмкін
«Рахат» моншасының әкімшілігі келушілердің белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан орын алған жазатайым оқиғаларға жауапты емес және келушілерден ұсыныстар мен ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.
Сізге жайлы демалыс тілейміз!
«РАХАТ» моншасының әкімшілігі