Кешенге бару ережелері
- басқаларды сыйлау, әдепті болу
- жуынуға арналған уақытты қатаң сақтау (3 сағат)
- өте сақ болыңыз, еден тайғақ болуы мүмкін, тұтқалардан ұстап, сүйретпе киюіңіз керек;
- кешенді тазалау кезінде қызметкерлерге кедергі жасамау
- душтан шыққаннан кейін суды өшіріңіз
- Жалпы тазалықты және жеке гигиена ережелерін моншаның барлық бөлмесінде сақтау.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- Мас келуге
- Монша аймағына үй жануарларымен кіруге
- қарудың кез келген түрін, есірткі, улы, химиялық, жанғыш, улы заттарды алып жүруге тыйым салынады.
Монша ішінде тыйым салынады:
- Әркім терезені өз бетімен ашуға, бу пешіне су бүркуге, бу пешіне эфир майын немесе сол сияқты хош иісті сұйықтықтарды бүркуге тыйым салынады. Бу пештеріне сұйықтық шашу шарасын монша қызметкерлері атқарады.
- Басқа қонақтың жеке басына қол сұғуға;
- Қауіпті аймақтарда, жуыну бөлмелері, бу бөлмесі, қауыз, техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
- өткір иісті және лас өнімдерді қолдануға;
- дауыстап сөйлеуге, булауға, басқа келушілерге қол тигізуге;
- көбік шашуға, айналаңызға су бүркуге;
- шашты бояуға, киім жууға;
- хаммамға барған кезде сыпырғыштарды пайдалануға болмайды.
Қауызды пайдалану ережелері
- жеке шомылу қалпақшасын кисеңіз ғана қауызға түсуге рұқсат етіледі.
- өте сақ болу керек, еден тайғақ болуы мүмкін, тұтқалардан ұстап, сүйретпе киюіңізді сұраймыз.
- қауызға түсер алдында жуғыш заттар мен шүберекпен душқа түсіп, содан соң көбікті жақсылап шайыңыз.
Қауыздардағы суды тазарту қауызға арналған ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Келушілердің жеке гигиена ережелерін сақтамауы салдарынан судың жай-күйі қысқа уақытқа бұзылса, «Рахат» жауапты емес.
Жеке заттарды сақтау ережелері
- сырт киімді гардеробта қалдыру керек, жеке заттарыңызды киім ауыстыратын бөлмедегі шкафқа салғаннан кейін мұқият жабыңыз. Бағалы заттар, ұялы телефондар мен ақшаларды бейнебақылау орнатылған жерде сақтау қажет.
Тыйым салынады:
- киім ауыстыратын бөлмелерде, орындықтарда қоқыс қалдыруға болмайды;
- ваннаға арналған керек-жарақтарды (жаймалар, сүйретпелер) басқа мақсаттарда пайдалануға, мәселен, жаймаларды еденге жаюға болмайды.
Заттар мен құнды мүліктер сақтау бөлмесінен басқа жерде жоғалса я бүлінсе «Рахат» моншасының әкімшілігі жауап бермейді!
Бар ережелері
- сынған ыдыстардан жарақат алмас үшін бардан сусындарды тек пластик стақанмен шығарыңыз
- Темекіні тек темекі шегетін бөлмеде шегіңіз
Тыйым салынады:
- арнайы бөлінген орындардан, атап айтқанда, барлардан тыс жерде ішіп-жеуге болмайды;
- барда, темекі шегетін бөлмеде жалаңаш жүруге болмайды;
- барға алкогольдік сусындар мен азық-түлік әкелуге болмайды.
Бу бөлмесін пайдалану кезінде тыйым салынады:
• 14 жасқа дейінгі балалардың ересек адамның еріп жүруінсіз бу бөлмесіне кіруіне;
• Тастарға өз бетімен май немесе хош иісті заттар құюға;
• Бу бөлмесіне аяқ киіммен кіруге;
• Бу бөлмесінде сабын қолдануға, балмен, скрабтармен, майлармен сүртінуге, пакеттер мен пластикалық заттарды әкелуге;
• Бу бөлмесіне купальникпен немесе іш киіммен кіруге;
• Бу бөлмесінде киім жуып, сүлгі мен жаймаларды кептіруге;
• Дене қызуы көтерілгенде, инфекциялық аурудың өршуі кезінде, өзін нашар сезінгенде моншаға баруға;
• Сөрелерге жалаңаш денемен отыруға.